ХАБАРЛАНДЫРУ

"Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" КММ-сі (бұдан әрі-Бөлім), мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген тұрғын үйлерде тұратын барлық тұрғындарды төмендегілер туралы ХАБАРДАР ЕТЕДІ:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартына сәйкес Жалға алушы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемді келесі айдың 5-інен кешіктірмей уақтылы төлеуге міндетті.
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша қарызы анықталған жағдайда, Бөлім нотариаттық жаза шығару туралы, Жалдаушының жеке, банктік шоттарына тыйым салу үшін, Жалдаушының құқық белгілейтін құжаттарын нотариаттық палатаға жіберуге мәжбүр болады, сонымен қатар, Жалдаушылардың қарыз тізімі жылжымалы мүлікке (машиналарды) тосқауыл қою арқылы қарызды өндіріп алу үшін Жамбыл облысының Тараз қалалық полиция департаментіне жолданатын болады. Сондай-ақ осы тізім Жамбыл облысының көші-қон полициясына басқа мемлекетке шығуға тыйым салу үшін жіберілетін болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан "мемлекеттік қызметші" санаты бойынша тұрғын үй алған тұлғалар бойынша, Бөлім Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша қарызы бар мемлекеттік қызметшіні тәртіптік тұрғыдан қарау үшін, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің істер департаментіне хат жолдайды.
Осыған байланысты, Бөлім сіздерге Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша қарызын шұғыл төлеу туралы ескертеді.