Жалпы ақпарат

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

 

 

  1. Жалпы ережелер

1.«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы аумағында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жекелеген санатын тұрғын үймен қамтамассыз ету, тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

          2.«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастарыбөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырды.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үйқатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар, егерде ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса.

          6.«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы , Жамбыл облысы , Тараз қаласы , «Қарасу» шағын ауданы  (5) , №24«Д», индекс 080009.
  3. Мемлекеттік органның толық атауы – «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы Ереже «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастарыбөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  5. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

          «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ қаржылық қызметі Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы , негізгі міндеттері , функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы : қала аумағында тұрғын үй қорын пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе Тараз қаласындағы жеке тұрғын үй қорынан атқарушы органдар жалға алған тұрғын жайдан үй бөлу және есепке алу бойынша шаралар қабылдау.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

          1) Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегінде мемлекеттік бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау;

          2) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамассыз ету .

          3) Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламарды іске асыру.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) Тараз қаласы аумағында кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың тексеру жүргізуі;

2) төмендегілерге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру:

кондоминиум объектілері мен кондоминиум объектілеріне жапсарлас аумақта үй (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін жөндеу және пайдалану, ұстау тәртібін сақтау;

-тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттар) жылу-энергиясы, газ және су ресурстарында  ортақ есеп жүргізу аспаптарының бар болуы;

-кондоминиум объектісінде жай иелерінің ортақ мүлігінің техникалық жағдайында және оның инженерлік құралдарына, қолданыстағы нормативтік-техникалық  және жобалық құжаттарға сәйкес оны күту және жөндеу бойынша жұмыстарының Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй комуналдық шаруашылығы саласы бойынша қолданыстағы нормативтік-техникалық, жобалау құжаттарына сай уақытында орындалуына;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау;

анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылдаған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуына;

кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына;

3) тұрғын үй  заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар жасау;

4) тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

5) кондоминиум оъектісіне ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезенін және кезектілігін анықтау;

7) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісімдеу;

8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау комиссияларына қатысу;

9) мекеменің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу; 

10) кондоминиум объектісінің аумағына кіретін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және үй маңындағы аумақты эксплуатация жасайтын азаматтарға қосымша көмек көрсету;

11) кондоминиум нысанының тұрғын үй (пәтер) иелерінің өтініші негізінде кондоминиум нысанын басқару бойынша есептілікке тексеру жүргізу;

12) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санатын тұрғын үймен қамтамассыз ету жұмыстарын  ұйымдастыру және  мемлекеттік тұрғын үйден немесе жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайға жалдау шарттарын, жекешелендіру шартын, ордерлер дубликатын , қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай тұрғындарының және олардың жанұяларының үйді пайдалану құжатын үйді пайдалану құқығын сот арқылы жою шараларын қабылдау;

13) Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген  тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке меншікке үй беру жұмыстарын ұйымдастыру;

14) мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару және оны есепке алу;

коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

15) комуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезек тізімдеріне  жыл сайын түгендеу жүргізу;

16) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын бөлуді қамтамасыз ету;

17) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін иесіз, қараусыз қалған деп тану және қаланың комуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

18) тұрғын үй комисиясының қызметін ұйымдастыру;

19) тұрғын үй-комуналдық шаруашылық саласы бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету;

20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру;

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:

1) тексеруді Қазастан Республикасының кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізу;

2) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

3) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар;

4) тексеру кезінде тексеру жүргізілетін нысанның белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі келтірмеу;

5) тексеру жүргізу кезінде алынған құжаттардың және мәліметтердің сақталуын қамтамассыз ету;

6) Қазақстан Республикасының заңыменен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мекемеге міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік және басқа ұйымдардан өзінің құзыреті шегінде заңмен белгіленген мерзімде хабарламалар мен құжаттарды сұрату;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді жекешелендіруге өтініш беруші тұлғаларға экологиялық куәліктердің берілуі және берілген куәліктің жарамдылығы туралы уәкілетті органға сұраныстар жіберу;

8) заңыменен белгіленген тәртіпте кооператив басқармасы төрағасы  лауазымына біліктілік талаптарына сай келетін үміткерлерді ұсыну;

9) тұрғын үйді басқарушыны не кондоминиум объектісін басқару үшін заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы мәселені шеше отырып, үй жайлар(пәтерлер) меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық жасауға құқылы;

10) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субъектісін иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті  саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;

11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережесін бұзу бойынша акт жасау;

12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдарды шығару;

13) «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйғарымдарын орындамаған жағдайда тексеру субъектісіне ұйғарымды орындату жөнінде сотқа шағымдану;

14) өз құзыреті шегінде барлық ұйымдарда мемлекеттің және мекеменің құқығын қорғайды;

15) мекеме әзірлеуші болып табылатын қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық моноторингін жүзеге асыру және олрға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу, немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау;

 

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

         

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  3. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы өкілеттігі:

1)Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;

2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте кеңестерді шақыртады;

3) мекеменің атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін қорғайды;

5) мекеме қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін анықтайды;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8) келісім-шарттар (келісімдер) жасасады және қол қояды;

9) сенімхат береді;

10) банктерде есеп шот ашады;

11) заңнамаға сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

12) тиісті заңнамаларға сәйкес мекеме қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара қолданады;

13) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады.

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес орындайды.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілік шеңберін белгілейді.

 

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

         

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе , «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

         

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату.

         

  1. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.