Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтек ауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Қазіргі таңда аталған алқапта 26 тұрғын үй немесе 2020 пәтер халық игілігіне берілді. Оның ішінде, 22 ипотекалық тұрғын үй және 4 коммуналдық арендалық үй.
Бүгінгі күнге, 4 арендалық үй мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілді.
Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге арналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бағыты аясында әзірленген «7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несие бойынша төмен 7 пайыздық мөлшерлемесімен ерекшеленетін ипотекалық бағдарлама бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20% және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы, ҚР аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы, расталған еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болмауы және ипотекалық кредиттерінің болмауы жеке тұлға үшін 7-20-25 бағдарламасы бойынша қарыз алуға міндеттеледі. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артуда.
«7-20-25» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» Жамбыл облыстық филиалы акционерлік қоғамынан рәсімделмеген «Арай-2» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 6 үйден қалған - 102 пәтер және Сүлеймен көшесінің соңы, жаңа 15 мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 10 үйден қалған - 311 пәтерді сатылымға ұсыну үшін, Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің кестесі бекітілді. 2018 жылғы 19 қарашадан бастап арнайы жұмыс орны болып белгіленген Тараз қаласы , Қойгелді көшесі, №173 мекен жайдағы «Тараз ӘКК ҰҚ АҚ» ғимаратында Тараз қалалық 7-20-25 ақпараттық қолдау орталығы бағдарламаға қатысушы азаматтарға түсіндірме жұмыстарын бастады. Бүгінгі күнге 7-20-25 бағдарламасы аясында, 2000 ға жуық азамат кеңес алып, өтініш білдіруде. Аталған бағдарлама жеңілдіктерін қолдай отырып, екінші деңгейлі 7 банк ( АТФ, Банк Центр Кредит, Халық банкі,Фортебанк, Сбербанк, Жусан банк, Евразия банк) арқылы 351 отбасы пәтерлерін рәсімдеп, баспаналы болуда. Бағдарлама жеңілдетілген жылдық 7 пайызды жарнаны құрағандықтан, көпшіліктің күн санап қызығушылығы артуда. Алайда, қазіргі таңда басты сұраныс төменгі қабаттан 2 және 3 бөлмелі пәтерлер, осыған орай басты мәселе - 7-20-25 бағдарламасына жаңа соғылған тұрғын үйлерді толығымен ұсыну.
Қазіргі таңда, 15 шағын ауданында жоғарғы (5) қабатта орналасқан, бір бөлмелі 17 пәтер сатылымда. Пәтерлер 2019 жылы қолданысқа берілген, шаршы метрі – 116000 тг, алдағы уақытта қосымша 50 пәтер сатылымға ұсынылды, пәтерлер 2019-2020 жылдары қолданысқа берілген, толықтай әрлеуден өткен шаршы метрі – 140000 тг, 2021-2022 жылғы сатылымға шыққан және сатылымға шығатын пәтерлердің бағасы шаршы метріне – 160 000 теңгені құрап отыр.