Бағдарламаның шарттары
- Тұрғын үйді Жамбыл облысы бойынша өзіңіз таңдайсыз (бастапқы немесе қайталама нарық)
- Әкімдіктен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде тұрғын үй сертификатын алу мүмкіндігі бар (бірінші деңгейлі тұрғын үйден алған жағдайда)
- Қарыздың ең жоғарғы сомасы-10.000.000 теңге
- Бастапқы. жарна – 10%
- Жылдық 2% - бен
- Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін
- Отбасының бір мүшесінің табысы 111 655,8 теңгеден аспауы тиіс
Бағдарламаға келесі санаттар бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар ғана қатыса алады:
- Көп балалы отбасылар
- Толық емес отбасылар (неке бұзылған сәттен бастап 3 жыл өтуі керек)
- Мүгедек бала асыраушы отбасылар
Осы бағдарламаға қатысу үшін сізге:
- Банктің сайты арқылы өтінім беру — hcsbk.kz (осы бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы "Отбасы банк" АҚ интернет-ресурстарында жарияланатын болады)
- Егер сіз тұрғын үйді таңдаған болсаңыз, онда "Отбасы банк" АҚ-да төлем қабілеттілігінен сәтті өткеннен кейін, сізді 1 млн.теңгеге дейінгі мөлшердегі тұрғын үй сертификатына "Қарасу"шағын ауданы (5), №24"Д" үй. (2 кабинет) Тараз қаласы әкімдігінің "тұрғын үй қатынастары бөлімі" КММ жібереді.
"Бақытты отбасының" барлық санаттары есепке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке қою санаты және өтінім беру уақыты қатысуды бөлу кезінде айқындаушы фактор болады.
Бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды қашан тапсыру керек?
Осы бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы біздің интернет-ресурстарымызда жарияланатын болады және сізге осы ақпаратты қадағалау қажет.