«Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат
Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтек ауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.
2020 жылдың 17 тамыздан бастап «Отбасы банкі» «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» (5-10-20) пилоттық жобасын іске қосты. Бағдарламаға 1986 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж адам ретінде үй кезегінде тұрған азаматтар өтініш бере алады. Бүгінгі күнге «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы аясында - 645 отбасы, сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы - 94 отбасы баспаналы болып отыр.
Қазіргі таңда, алқапта 64 тұрғын үйден 4335 пәтер халық игілігіне берілуде. Оның ішінде, 51 ипотекалық тұрғын үй және 13 коммуналдық арендалық үй. Бүгінгі күнге, 13 арендалық үй мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған аймақтағы 80,60 және 45 пәтерлі көп қабатты ипотекалық тұрғын үйден бүгінгі күнге 1938 пәтерге сатып-алу келісім шарты жасалды.
Сонымен қатар, 7-20-25 мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 359 пәтер рәсімделді. Пәтерлер 2019-2021 жылдары пайдалануға берілген, шаршы метрі 116000-160000 тг құрап отыр.