Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын кім ала алады?
- «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары», «Жетім балалар» және «Көп балалы отбасылар» санаттары бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар;
- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының қызметкерлері және ІІМ жанындағы Полиция департаментінің қызметкерлері (кезекке тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан).
Қандай тұрғын үй бағдарламаларында сертификат алуға болады?
- «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары», «Жетім балалар» және «Көп балалы отбасылар» «Бақытты отбасы» (2-10-20) және «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы шеңберінде сертификатқа үміткер бола алады;
- «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша сертификат бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға беріледі;
- «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша сертификат бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға беріледі;
- Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты білім беру (тек педагогикалық қызметкерлер: мұғалімдер, тәрбиешілер және т.б.), денсаулық сақтау (тек медицина қызметкерлер: дәрігерлер, медбикелер және т.б.), мәдениет және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және ІІМ жанындағы Полиция департаментінің қызметкерлері (тіпті тұрғын үйге кезекте тұрмайтын) «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде сертификатқа үміткер бола алады.
Сертификат алудың іріктеуі қалай жүргізіледі?
- 2022 жылға табыс отбасының әрбір мүшесіне 111655.8 теңгеден аспауы тиіс.
Қандай құжаттар қажет?
- нысан бойынша өтініш (Тұрғын үй орталығында жазылады);
- өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің кәмелеттік жасқа толмаған балалары) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табысы туралы анықтама (отбасының барлық мүшелеріне (жұбайы (зайыбы);
- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтама;
- ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтер бар өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ хаты;
- өтініш беруші мен жұбайының (зайыбы) соңғы 6 айдағы кірістерін растайтын зейнетақы үзінді көшірмесі.
Тұрғын үй сертификатына қашан және қайда жүгіну керек?
- көрсетілген тұрғын үй бағдарламаларының біріне қатысуға өтініш беру;
- төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту;
- нарықта тұрғын үй табу;
- банктен ипотекалық қарызға мақұлдау алу;
және тек осыдан кейін ғана тұрғын үй сертификатының сомасын есептеу үшін банктен деректемелері бар хабарламасымен тұрғын үй орталығына жүгінуге қажет.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері 8:30-дан 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00 мен 14:30 дейін