“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 13-бабына сәйкес тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіру келесі шарттар сақталған кезде мүмкін болады деп белгіленген:
1) тұрғын үйді жекешелендіру туралы оның жалдаушысы мәлімдеді;
2) жекешелендірілетін тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорының құрамына кіреді;
3) жалға алушының отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйді жекешелендіруге келісім берді.
4) “тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 2-бабының 6) тармақшасына сәйкес тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тұрғын үйді жалдау шартындағы тұлға, тарап Жалдаушы (Жалға алушы) деп түсініледі.