“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
6) Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) әскери қызметшілерді және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп әскери қызметшілерді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;
7-1) “Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру;
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған)адамның мұрагерлеріне ауысады;
9) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ “жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
10) күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп Ішкі істер органдарының қызметкерлері және теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған қызметкерлерді қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары жиырма жыл және одан көп қызметкерлер, сондай-ақ күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары он жыл және одан көп және асырауында мүгедек балалары бар қызметкерлер. Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.