Жаңарту үшін құжаттарды тапсыру

Құрметті кезекте тұрғандар!

Егер сізде келесі талаптар бойынша өзгерістер болса, құжаттарды жаңартуды сұраймыз:

  • АХАЖ немесе сот шешімі (некеге тұру немесе бұзу кезінде)
  • Қайтыс болу туралы куәлік (кезекте тұрған адам немесе оның туысы қайтыс болған жағдайда)
  • Туу туралы куәлік (бала туған кезде)
  • Мүгедектікті растау туралы анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санаттары үшін). Мынадай жағдайларда: мүгедектік тобы өзгергенде, анықтама ұзартылғанда немесе мүгедектік мерзімінің аяқталуына байланысты)

Мемлекеттік қызметшілер санаттары үшін, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтаманы жылына бір рет жаңартып отыруы қажет.

Құжаттарды жаңартуға және қосымша өзгерістер болған жағдайда 10 кабинетке келіп өткізулеріңізге болады.