16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Аймақ басшысы алдымен Иманәлиев көшесіндегіжеке кәсіпкер есебінен бой көтерген 4 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйге ат басын бұрды. «Тараз құрылыс Дизайн» серіктестігі басшылыққа алған тұрғын үйдің құрылысықаңтар айында басталған. Ондағы пәтерлердің жалпы ауданы 2749 шаршы метрді құрайды. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына қатысқан Бердібек Машбекұлы жеке кәсіпкерге алғысын айтып, үй иелерін қоныстойымен құттықтады.